Анықтама
Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспарына сай үнемі жүргізіліп отыратын 1-4 сынып оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы және ыстық ас ішуін қадағалау барысына
Анықтама
Мақсаты: 1-4 сынып оқушылардың күнделікті ас ішуін қадағалау.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушы балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру,1-4 сынып оқушылары, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2015 жылы 31 желтоқсанындағы №717 бұйрығын орындау мақсатында конкурстың қорытынды хаттамасында көрсетілген Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша ұтып алған жеке кәсіпкер
ЖК Бато Б.Сәрсенбаевпен келісім шарт жасалынып бір мезгіл ыстық ас берілуде. Азық- түлік уақытында жеткізіліп,қыркүйек айының 8 нен бастап 1-4 сынып оқушылары ыстық тамқпен қамтылуда. Ип «бато» жеке кәсіпкерінің мөрі басылған ас мәзірін дайындау азпазшы Оразбаева Гүлзарида жүктелді. Мектеп асханасында үлкен үзіліс кезінде жалпы саны 43 оқушыға ас беріледі. Оқушылардың түгел талапқа сай тамақтануына бақылау жүргізіп отырамын. Ыстық аспен қамтылған оқушылар туралы мәлімет асхана қабырғасына ілінді.
Ыстық аспен қамтылған оқушылардың күнделікті ас ішуін қадағалау журналы уақытылы белгілетіп отырады.
Анықтама дайындаған әлеуметтік педагог: Сарманова М.Қ